Ветеринария

Бесқарағайда төрт түлікті ветеринарлық өңдеуден өткізу шаралары басталды

Бесқарағай ауданының бір ауылдық округінде төрт түлікті көктемгі ветеринарлық өңдеу шаралары басталды.

Ветеринарлық қауіпсіздік адам денсаулығын сақтаудағы маңызды фактордың бірі екені белгілі. Сондықтан төрт түлікті ветеринарлық залалсыздандыру бірінші кезектегі мәселе. Осыған орай, қазіргі уақытта өңіріміздің кейбір аудан, қалаларында ауыл шаруашылығы жануарларының ветеринарлық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жүргізіле бастады. Осындай шаралардың бірі жақында Бесқарағай ауданына қарасты Қарабас ауылдық округінде қолға алынды.

Аудан әкімдігінің хабарлауынша, мұнда биылғы жылдың жиырма бірінші ақпанынан ауылшаруашылық жануарларын жоспарлы көктемгі ветеринарлық өңдеу жұмыстары басталған көрінеді. Қазіргі уақытта ауылдық округтің білікті ветеринар мамандармен толықтай қамтамасыз етілгенін алға тартқан жергілікті басшылық округ тұрғындарының да өз меншіктеріндегі малдарын ветеринарлық өңдеуден өткізуге ерекше құлшыныс танытып отырғанын атап өтті.

Back to top button