Интерактивті диктант Абайға арналды
Облыстық білім басқармасы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай өңірдегі жалпы білім беретін мектептердің 7-10-сынып оқушылары арасында интерактивті диктант өткізді.
Шараның мақсаты – қашықтан білім беру технологиялары арқылы қазақ халқының әдеби мұрасын насихаттау, классикалық қазақ әдебиетін оқуға қызығушылықты арттыру, ақын шығармашылығын насихаттау, оқушылардың эстетикалық талғамын дамыту, жоғары адамгершілік, жас ұрпақтың рухани мәдениетін оның шығармаларымен, сондай-ақ қазақ халқының ұлы ағартушысы туралы жазылған әдеби шығармалармен таныстыру арқылы қалыптастыру.
Интерактивті диктант Абай шығармалары және ұлы ағартушы туралы жазылған әдеби шығармалар бойынша қазақ және орыс тілдерінде білім басқармасының білім беру порталы арқылы жүргізілді.
Оған облыстың барлық аудандары мен қалаларынан 3000 бала қатысты.
Қатысушылардың жұмыстары екі критерий бойынша бағаланды: жұмыстың түпнұсқалық мәтінмен сәйкестігі және диктанттың ережелері мен пунктограммалары бойынша жауаптардың дұрыстығы.
Интерактивті диктант жеңімпаздары жазғы демалыс кезінде Семей қаласындағы мұражайларға, Абай ауданын аралауға жоспарланған оқу-практикалық турға қатысады.
Мейрам Екпін