Білім

Игілікті істерге тәнті болып, тәжірибе алмасты

Ауданда облыстық білім басқармасының бастығы М.Ахметованың басқаруымен облыстағы бірнеше аудан мен қаланың білім бөлімдерінің бастықтары, мектеп директорлары болып, облыстық семинар өткізді.

Игілікті істерге тәнті болып, тәжірибе алмастыСеминарға қатысушылар бірнеше мектептің көгалдандыру, көркейту ісімен, жылыжайлар мен саябақтардағы жұмыстарымен танысты.

Семинарға қатысушыларды алдымен С.Зәкиев атындағы саябақта Ломоносов атындағы орта мектептің директоры А.Кемелбаева қарсы алып, мектепке бекітіліп берілген саябақтың қалыптасу тарихымен қысқаша таныстырды. Бұдан кейін қонақтар Ю.Гагарин атындағы мектептің пән кабинеттерін, залдарын аралап көрді. М.Әуезов атындағы орта мектепке ат басын тіреген қонақтар атқарылып жатқан игілікті істермен, жылыжайдағы тіршілікпен танысты.

Облыстық семинар түстен кейін аудандық мәдениет үйінде жалғасып, оған облыс Әкімінің орынбасары Ермек Көшербаев қатысты. Аудандық білім бөлімінің бас-тығы С.Әбдіғалиева «Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ биылғы Жолдауынан туындайтын аудандық білім бөлімінің сапалы білімге бағытталған жұмыстары» туралы, М.Ахметова ұлттық бірыңғай тестілеудің биылғы жылғы ерекшеліктері туралы баяндады.

Семинар-кеңесті облыс Әкімінің орынбасары Ермек Көшербаев қорытындылап, ауданда атқарылып жатқан істерге оң баға берді және мұғалімдердің биылғы облыстық тамыз кеңесін Зайсан қаласында өткізу туралы өз ұсынысын айтты. Ал аудан әкімі С.Зайнулдин бұл облыстық семинарды ауданда ұйымдастыру туралы бастама көтерген облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВҚА, облыстық білім басқарма-сына, семинарға қатысушыларға алғысын білдірді.

Бұдан кейін ауданға іссапармен келген облыс Әкімінің орынбасары Ермек Көшер-баев Ю.Гагарин атындағы орта мектепте болып, ондағылардың тіршілік-тынысымен танысты. Сондай-ақ, ол М.Дәуленов атындағы мектепте, №11 кәсіптік лицейде болған кезде аудан басшысы осынау мектептердің проблемасына тоқталып, олардың материалдық-техникалық базасының жағ-дайын қалпына келтіру, жаңадан мектеп құрылысын салу қажеттігі туралы айтты. Сонымен қатар Ермек Көшербаев сыныптарда өтіп жатқан сабақтарға кіріп, ұстаздармен және оқушылармен жүздесті.

Ардақ Дәулет
Зайсан ауданы

Осы айдарда

Back to top button