Цифрлық Қазақстан

ХҚО қызметкерлері тұрғындарға қоңырау шалмайды

Соңғы кездері белгісіз біреулердің азаматтарға қоңырау шалып, жеке деректерді сұрау арқылы алаяқтық әрекеттер жасауы жиілеп кетті.

Кейбірі өздерін Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкеріміз деп таныстырып, «несиеге байланысты шоттарыңызды бұғаттау не тексеру үшін деректеріңізді айтып жіберіңіз» деп алдайтын көрінеді.

Айтарымыз, аталған мекеменің қызметкерлері ешқашан тұрғындарға қоңырау шалмайды, борышкерлердің мәліметтер базасына қол жеткізе алмайды және коллекторлық компаниялардың жұмысына араласпайды.

– Біздің корпорация мен қызмет алушылар арасындағы кез келген байланыс тек 1414 нөмірі арқылы жүзеге асады, яғни азаматтарға бронь кезегін, құжаттардың берілетін күнін ескертетін СМС хабарламалар жіберіледі, – деп мәлімдейді «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Корпорация жеке деректерді бөгде адамдарға бермеуді қатаң ескертуде. Әккі қылмыскерлер есепшотыңыздан ақша шешіп алуы немесе атыңыздан несие рәсімдеуі ықтимал.

Мұндай алаяқтық әрекеттерден зардап шеккендер дереу құқық қорғау органдарына жүгінуі тиіс.

Ержан Кеңесұлы

Осы айдарда

Back to top button