Жолдау жол нұсқайды

Халықтың көкейіндегі мәселелер қамтылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың  «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында жұртшылықты толғандырған жол, білім, денсаулық сақтау салаларының барлығы да толық қамтылды.

Атап айқанда, 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту тапсырылып, 650 елді мекенде алдағы екі жылда медициналық және фельдшерлік-акушерлік бөлімшелер салынатыны айтылды.

Сонымен қатар 2023 жылдан бастап бала күтімі бойынша төлемдерді 1,5 жасқа дейін ұзарту, әйелдердің зейнет жасын 61-ге түсіру, ең төменгі жалақыны 60 мыңнан 70 мыңға көтеру жағымды жаңалық болды.

Бұрын-соңды елімізде болмаған «Ұлттық қор – балаларға» атты жаңа бағдарлама жүзеге асырылмақ. Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызы балалардың арнаулы жинақ шотына аударылатын болады.

Мемлекет басшысы биыл күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді және Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді, қайта сайлануға тыйым салуды ұсынды. Мұның бәрі билікті жекешелендіру қаупін төмендету үшін жасалып отыр.

Сондай-ақ Президент Мәжілістің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауын алдағы жылдың бірінші жартысында өткізуді ұсынды. Осындай саяси реформалар «Күшті Президент – Ықпалды Парламент – Есеп беретін Үкімет» формуласының мән-маңызын кезең-кезеңмен арттыруға, елдігімізді нығайтуға ықпал етеді.

Елімізді дамытуға арналған жаңашылдыққа толы Жолдаудағы тармақтардың сапалы орындалуы маңызды. Amanat партиясының мүшелері Мемлекет басшысының қоғамдық тірегі ретінде Жолдауы толық қолдайды.

Сайрангүл Жұмаділова,

Amanat партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы

 

Осы айдарда

Back to top button