Жолдау жол нұсқайды

Халық үніне құлақ асты

Жолдау болашақты айқындайды, келер күнге бағыт-бағдар береді. Халқымыз Мемлекет басшысының әр Жолдауынан жақсылық, әсіресе әлеуметтік салада нақты тапсырмалар күтетіндігі анық.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында біз екі жылдан бері тұрақты көтеріп жүрген ұсынысымыз – халықтық IPO механизмін іске қосуға тапсырма берді. Бұл шешім – Президентіміздің және биліктің халық үніне халық асуының айқын дәлелі. Халықтық IPO қарапайым азаматтардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын арттыруға жақсы мүмкіндік.

Биылғы Балалар жылына орай, еліміздегі кәмелет жасына толмаған әр балаға арнайы есепшот ашылып, оған ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің бір бөлігі аударылып отыратын болды. Әсіресе көпбалалы аналар үшін бұл – жақсы жаңалық. Бұл мемлекет тарапынан ана мен баланы қолдаудың нақты көрінісі дер едім.

Қоғамның әр саласында ерлермен қатар еңбек етіп жүрген әйелдердің зейнет жасының 61 жас болып өзгеруі де қуанарлық жайт.

Қасіретті қаңтар оқиғасына қатысқан азаматтарға рақымшылық жарияланауы да ел көңілінен шыққан, құптарлық шешім болды. Енді елімізде мұндай қасірет болмасын.

Алдағы уақытта Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқандай, Әділетті Қазақстанды бірге құруға барлығымыз атсалысуымыз қажет. Жолдаудағы өткір шешімдер мен нақты тапсырмалар саяси-әлеуметтік өзгерістерді жасай алатын ел екенімізді дәлелдеп отыр.

Жұлдыз Ақтанжанова,

«Үйлесім» қоғамдық бірлестігінің төрайымы

 

Осы айдарда

Back to top button