Денсаулық сақтау

Халықаралық көрмеге жолдама алды

Халықаралық көрмеге жолдама алды


Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті «Digital Health» халықаралық көрмесіне қатысады. Мұндай мүмкіндікті білім ордасына Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы және Unicef беріп отыр. Айтулы көрме Астанада ұйымдастырылатын жаһандық конференция шеңберінде өтеді.

Отандық университеттердің арасынан тек семейлік оқу орны ғана осындай мәртебеге ие болды. Бұл шараға медицина университетінің сандық технологиялар және PR, marketing бөлімдерінің мамандары қатысады. Атап айтқанда, автоматтандырылған жүйелерді әзірлеген Дмитрий Кривобоков пен PR және маркетингтің шеберлері Мейіржан Рамазанов, Айгерім Сүлейменова қатысып жобаларымен дүйім жұртты таңғалдыруға күш салмақ. «Digital Health» көрмесі алғашқы медициналық-санитарлық көмекке арналған заманауи технологияларды таныстыруға мүмкіндік береді. Сонымен қоса бұл мамандар үшін тәжірибе алмасып, білмегендерін жетілдіруге таптырмас алаң. Дүбірлі жиынға жетекші жаһандық ұйымдар әрі денсаулық сақтау саласындағы үздік сарапшылар келеді деп жоспарлануда. Мұндағы басты мақсат – денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне, IT компанияларға, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жеткізушілеріне және осы бағытта жұмыс істейтін мүдделі тараптарға сұхбат платформасын ұсыну. Сол секілді бастапқы медициналық-санитарлық көмекке қатысты денсаулық сақтаудың әлемдегі озық үлгілерін игеру.

Жақсылық Сүлейменов
Семей.

Осы айдарда

Back to top button