Денсаулық сақтау

Халықтың денсаулығын жақсартуға ден қойды

Елімізде халықтың денсаулығы мен әлеуметтік мәселелеріне мән беріліп келеді. Елбасы бұл туралы өз Жолдауларында айтып келді. Мәселен, «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында «Ауылдық жерлерде алғашқы медициналық-санитарлық көмекқолжетімді болуы қажет» деген болатын.

Осының дәлелі – Аягөз ауданында ашылған инсульт орталығы.

Өзім төрт жыл бұрын «Дипломмен – ауылға» бағдарламасымен Айғыз ауылында дәрігер болып қызметке тұрдым. Инсульт орталығы ашыларда аудан орталығына ауыстым. Орталықта үш дәрігер, он шақты медбике қызмет көрсетеді.

Әлбетте, Елбасы бастамасымен атқарылған істерді айтпай кетуге болмайды. Мәселен, былтыр Аягөз аудандық ауруханасы ішінен инсульт орталығы ашылды. Орталықты облыс әкімі Даниал Ахметов  келіп ашты.

Жалпы, норматив бойынша аймақта бес инсульт орталығы жұмыс істеуі тиіс. Қазір Өскеменде ІІІ деңгейлі екі, Семейде ІІ деңгейлі бір, Аягөз ауданында ІІ деңгейлі бір инсульт орталығы бар. Біздің орталық компьютерлік томографпен, ультрадыбыстық аппараттармен, оңалту құралдарымен толық жабдықталған. Бүгінде Аягөздегі орталық Үржар, Тарбағатай, Жарма аудандарының 200 мың тұрғынына қызметкөрсетеді.

Аягөздегі орталық аурухана аймақтық перинатальды көмек көрсетудің ІІІ деңгейіне өткен.Қазір Аягөз және оған жақын аудандардағы ауыр жағдайдағы науқастар Семей мен Өскеменге тасымалданбайды. Мұнда ана мен сәби бөлімі, сондай-ақ неонатальды блок жұмыс істейді.

Алдағы жылы 440 миллион теңгеге жаңа туған сәбидің, ерте дүниеге келгендердің көзінің қарашығын толық зерттейтін RetCam жабдығы алынбақ. Сонымен қатар жүктілік кезінде және босанудан кейінгі ана мен баланың жағдайын бақылайтын фетальды монитор алу көзделіп отыр.

Жанар Қабаева,

Аягөз ауданындағы инсульт орталығының жетекшісі

Осы айдарда

Back to top button