Денсаулық сақтау

Гемотология орталығы білікті мамандармен қамтылады

Аймақ басшысы Даниал Ахметов денсаулық сақтау басқармасының басшысымен кеңес өткізді. Негізгі мәселе – Өскемендегі гематология орталығына  кадр даярлау.

Дәрігерлердің бір бригадасы оқу курсынан өтті, екіншісі қазір біліктілігін арттыруда. Мамыр айында 20 маман балалар гематологиясына мамандандырылған Алмазов пен Рогачевтің ғылыми-зерттеу орталықтарына барады.

– Біз жаңадан келгендерді емес, осы бағытта тәжірибесі бар дәрігерлерді жібереміз. Осылайша, орталық ашылған сәтте заманауи медициналық техникамен жабдықталып, барлық дәрігер жаңа технологияларды енгізуге дайын болады, – деді облыс әкімі.

Сондай-ақ Өскеменнің 4-ші қалалық ауруханасында орта медициналық персоналға арналған симуляциялық жабдығы бар мектеп ашылады.

Оқыту бағдарламасы аясында қазір 57 дәрігер Германия, Израиль, Литва, Ресейдің үздік клиникаларында акушерлік, хирургия, онкология, травматология салалары бойынша кәсіби деңгейлерін арттыруда.

 Ержан Кеңесұлы

Осы айдарда

Back to top button