Денсаулық сақтау

Флюорографиялық тексеруден өтті

Айна Ескенқызы

Елімізде аурудың жоғары қаупі бар және міндетті флюорографиялық тексеруге жататын халықтың нысаналы тобын туберкулезге флюорография әдісімен тексеруге ерекше көңіл бөлінеді. Туберкулез скринингінің негізгі мақсаты жұқтырған адамдарды және жұқтыру ошақтарын ерте анықтау.

Статистикалық деректерге сәйкес, 2021 жылы жоғары тәуекел тобын флюорографиялық тексерумен қамту облыста 11,1%-ға, ал дертті анықтау 2020 жылмен салыстырғанда 6,7%-ға артты.

Тек өткен  жылы ғана жыл сайынғы тексеруге жоспарланған, жоғары қауіп тобына және міндетті континентке жататын шығысқазақстандықтардың 60%-дан астамы өкпе туберкулезіне флюорографиялық тексеруден өтті.

Скринингтен өткен 628 123 адамның 279-да туберкулез анықталды. Олардың басым бөлігін туберкулезбен ауыратындармен байланыста болғандар, АИТВ/ЖИТС-пен диспансерлік есепте тұрғандар, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар, дертінен толық айықпаған науқастар, сондай-ақ қант диабетімен диспансерлік есепте тұрған пациенттер құрайды.

Биыл жоғары тәуекел тобына жататындарды скринингтік тексерулермен  қамту 7%-ға өскенін айта кеткен дұрыс, бұл дегеніміз қосымша  26 617 адам тексерілді деген сөз.

Мамандар егер тұрғындарда төмендегідей белгілер пайда болса, олар туберкулезге жоспардан тыс тексерілу үшін дереу көмекке жүгінулері керек екенін ескертеді:

–Үш немесе одан да көп апта бойы жөтел басылмаса (ол күшті болмауы мүмкін және қысқа мерзімді жөтел болуы мүмкін); түнде жиі терлеу, әсіресе мойын мен кеуде тұсы; қатты шаршау, жұмыс қабілетінің нашарлауы, үнемі орындап жүрген әдеттегі тапсырмаларды (физикалық және ақыл-ой) орындау қиындай бастады, жалпы әлсіздікті сезіну,

тамақты аз жеу, тәбеттің төмендеуі байқалады; ешқандай себепсіз күрт арықтау; мезгіл-мезгіл температураның 37С-тан жоғары көтерілуі (сондай-ақ тұрақты болуы да мүмкін); зәр шығару жолдарының қабынуы (емдеу көмектеспейді); арқада және буындарда ауырсыну пайда болады және олардың себебін түсіндіре алмайды; мойын, қолтықасты (бір жағынан) лимфа түйіндерінің ұлғаюы.

 

 

 

Осы айдарда

Back to top button