Ауыл шаруашылығы

Ет өңдейтін зауыттың құрылысы қолға алынады

Ет өңдейтін зауыттың құрылысы қолға алынады

Аудандағы асыл тұқымды мал саны 2,5 есеге өскен. Тек ірі қара өсіретін қожалық саны 50-ге жуықтаған. Соның арқасында ірі қара басы 38400-ге жетіп отыр. Биыл мал бордақылау алаңы екі есеге арттырылмақ.
Ауданда кеңестік кезеңнен қалған шағын ет комбинаты жұмыс істегенмен, оның қуаты шамалы. Қондырғылары ескі, етті өндеу мүмкіндігі де шамалы. Комбинат та шаруаның табан ет, маңдай терімен өсірген малын тым арзан бағамен қабылдайды.
Бұл түйін алдағы жылы шешілетін болды. Қытайлық кәсіпкерлер қомақты қаржы салып, Ақсуатта ет өңдейтін зауыт салатын болды. Инвесторлардың айтуына қарағанда, аталмыш кәсіпорында еттің 11 түрі өнделетін болады. Сондай-ақ, қосымша тері-жүн өндеу цехтары салынбақ. Бұл жылдар бойы босқа шіріп, далада жатқан жүн мен тері кәдеге жарайды деген сөз. Көктемде құрылысы басталатын ет өндірісінің кластері көрші аудандарды да қамтымақ.

Қадырбек Кәкімұлы
Тарбағатай ауданы.

Осы айдарда

Back to top button