Тылсым дүние

«Ет» аралас жаңбыр

АҚШ-тың Кентукки штатында 1876 жылы табиғат тосын мінез көрсетіп, жеті қат көктен«ет» аралас жаңбыр жауды. Мұндай оқыс оқиға жергілікті тұрғындардың үрейін туғызғаны рас. Содан бұл жаққа экологтар мен ғалымдар тез арада келіп, зерттеу жұмыстарын бастап кетті. Алайда олардың бірде-бірі аспаннанне себептен ет жауғанын анықтай алмапты.

Араға он күн салып,оқиға орнына Трансильван университетінің профессоры Курт Годе келіп жетті. Оның да түпкі ойы сол, табиғаттың тылсым күшінің сырын ашу еді. Сөйтіп, профессор бірден іске кірісті. Ол ең алдымен штаттың экологиясына талдау жұмыстарын жүргізді. Бұдан соң Курт Годе Кентуккидің маңайын тексеріп, гриф атты құстардың өлі денелерін тауып алды. Содан соң профессор грифтердің неден қырылғанын анықтады. Профессор өз жазбасында: «1876 жылдың наурыз айында жауған «ет» аралас жаңбыр Кентукки штаты тұрғындарының таңданысын тудырды. Тіпті, кейбірі табиғаттың мұндай тосын мінезіне тіксіне қарады. Мен бұл штатта 10 күн бойы зерттеу жұмыстарын жүргіздім. Сонда аспаннан жауған «еттің» грифтердің аузынан түскенін анықтадым. Өйткені өлексемен қоректенетін аталмыш құстар ұшу процесін жеңілдету үшін үнемі асқазандарын тазартып, ішкен-жегендерін ауыз қуысының көмегімен шығарып отырады. Нәтижесінде осындай «ет» аралас жаңбыр жауады» деген екен.

Бір қызығы сол, тұрғындар жеті қат көктен түскен еттің дәмін еш қорықпастан татып көріпті. Кейін мұндай эксперимент жасаған кентуккиліктер медициналық тексеруден өтіп, әрбір дәрігердің жеке қабылдауында болған екен. Мұндағы басты мақсат – адам ағзасын зиянды заттардан қорғау.

Сол жылы аталмыш штаттағы ауруханада жұмыс істеген Л.Кастенбайн есімді дәрігер «Louisville Medical News» журналына былай деп сұхбат беріпті: «Ет» аралас жаңбырдан дәм татқан штат тұрғындарының денсаулығын бір ай бойы бақылауда ұстадық. Сөйтіп, біз барлық пациенттің ағзаларын тексердік. Қуаныштысы сол, еш өзгеріс байқамадық».

Бүгінде 1876 жылы Кентукки штатында жауған «ет» аралас жаңбырдың құрамы әлі күнге дейін Трансильван университетінің базасында сақтаулы тұр. Шетелдік сарапшылардың пайымдауынша, бұлАҚШ-қа туристерді тартудың бір амалы болса керек.

Әзірлеген – Ажар Сағатбекова

Осы айдарда

Back to top button