Ешкім де медициналық көмектеп тыс қалмайды

Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз күшіне енеді. Енді сегіз айдан кейін тұрғындарға дәрігерлік көмек тек осы медициналық сақтандыру жүйесінің негізінде көрсетілетін болады. Денсаулық саласындағы жаңа реформа қазақстандықтарға не береді, қандай артықшылықтары бар? Осы жүйеден тыс қалмас үшін дәл бүгін қандай қадамдар жасау керек?
Естеріңізде болса, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің басты артықшылығы– жарнаны әркім мүмкіндігіне қарай төлеп, қажетіне қарай медициналық қызмет көрсетілетіндігінде. Яғни, МӘМС аясында қызмет көрсететін медициналық ұйымнан қажеттілігіңізге қарай, сырқатыңызды қанша уақыт емдеу керек болса, сонша медициналық көмек алуға құқылысыз, бірақ алатын медициналық көмек көлемі дәрігердің тағайындауына байланысты. МӘМС пакетіне кіретін қызметтер толық көрсетіледі және қосымша ақы төлеуді қажет етпейді.
Қанша жарна төлейді?
Медициналық сақтандыру жүйесін қаржымен қамтамасыз ету үшін «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес АҚ құрылған болатын. Қорға 2017 жылдан бастап алғашқылар болып жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер аударым жасай бастады.
Ал 2019 жылы әлеуметтік сақтандыру қорына жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен жалдамалы жұмыскердің кірісінің 1,5% мөлшері көлемінде жарна төлейді. Аурдарым көлемі 2020 жылдың 1 қаңтарынан 2% мөлшерінде аударылып, біртіндеп өсіп, 2022 жылы 3 % -ға жетеді. Аударымдардың шекті көлемі ең төменгі еңбекақының он есе мөлшерінде ( 425 000 теңге) белгіленген. Егер жалдамалы жұмыскер бұдан да көп табыс тапса да, төлемнің көлемі осы сомадан ұсталады. Жеке кәсіпкерлер және басқа да өзін-өзіжұмыспен қамтыған азаматтар(жеке нотариустар,жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар, азаматтыққұқықтық негіздегі келісім бойынша кіріс табатын жеке тұлғалар) 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап ең төменгіжалақының екі есе мөлшерінің 5% көлемінде жарна төлесе, 2020-2022 жылдар аралығында ең төменгі жалақының 1,4 есе мөлшерінің 5% шамасында жарна ұсталады. Азаматтық құқықтық сипаттағы тұлғалар 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ай сайын (келісімшарт әрекет ететін уақыт ішінде) келісімшарт негізінде тапқан табысының 1%, 2021 жылы – 2%, 2022 жылы 3 % аударып отырады. Жұмысшылардың жарнасының көлемі 2020 -2021 жылдары есептелген табыстың 1%-ын, 2022 жылы 3 %-ын құрайды.
Тұрақты табысы жоқ немесе мемлекет тарапынан сақтандырылатын санатқа кірмеген тұлғалар 2020 жылдан бастап, ай сайын өзі үшін ең төменгі жалақының 5% мөлшерінде жарна төлеуі тиіс.
Бұдан басқа, үстіміздегі жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанда бірыңғай жиынтық төлем енгізілді. Төлемнің көлемі облыс орталықтары үшін бір айлық есептік көрсеткіш, ал басқа аудандар мен ауылдар үшін 0,5 АЕК мөлшерінде белгіленген ( АЕК 2019 жылы 2525 теңге). Төлемнің бұл түрі өзін-өзі асыраушыларға медициналық сақтандыру жүйесіне, әлеуметтік сақтандыруға және зейнетақы жүйесіне қатысуға мүмкіндік береді. Медициналық сақтандыру қорына төлемнің 40 % аударылады.
Сонымен қатар, 2020 жылдан бастап әлеуметтік жағынан аз қамтылған, 15 санатқа жататын шамамен 10 миллион қазақстандықты медициналық сақтандыруды мемлекет өз мойныны алып отыр. Оларға:
1) балалар;
2) жұмыссыз ретінде ресми тіркелген адамдар;
3) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;
4) үш жасқа толмаған бала (балалар) тәрбиесімен аналысатын жұмыс істемейтін азаматтар;
5) бала (балалар) туу немесе жаңа туған сәбиді (сәбилерді) асырап алуға байланысты, баласы (балалары) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыс алған адамдар;
6) мүгедек бала күтімімен айналысатын жұмыс істемейтін азаматтар;
7) зейнеткерлер, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
8) сот үкімі бойынша қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) мекемелерінде жазасын өтеп жатқандар;
9) тергеу изоляторларында отырғандар;
10) жұмыс істемейтін оралмандар;
11) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен немесе бұрын «Батыр ана», I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар;
12) мүгедектер;
13) орта, кәсіптік-техникалық, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында іштей оқып жатқан тұлғалар;
14) балалық шақтан бірінші топ мүгедегі болып табылатын жарымжан тұлғаның күтіміне байланысты үйде отырған жұмыссыздар;
15) мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмек алатын жұмыссыз азаматтар кіреді.
Аталмыш санаттардағы азаматтарға мемлекет 2020 жылдан бастап осыған дейінгі екі қаржылық жылдың орташа айлық еңбекақысының 1,4 % көлемінде, 2021 жылы – 1,6 %, 2022 жылдан – 1,7 % мөлшерінде жарна төлейтін болады.
Статистикалық мәліметтер бойынша, 713 мың шығысқазақстандық осындай санаттарға жатады.
МӘМС пакетіне қандай қызмет түрлері кіреді?
Қазақстандықтарға 2020 жылдан бастап медициналық көмек екі түрлі пакет бойынша көрсетілетін болады. Сақтандыру жүйесіне қатысушыларға медициналық көмек кеңейтілгенсақтандыру пакетіне сәйкес ұсынылады және кепілгендірілген медициналық көмектің пакеті болады. Бір сөзбен айтқанда, бір де бір адам дәрігердің көмегенсіз қалмайды.
Кеңейтілген сақтандыру пакетіне амбулаторлық-емханалық көмек, стационарлықкөмек, күндізгі стационарда емделу, жоғары технологиялы медициналыққызмет, медбике күтімі мен паллиативтікөмек кіреді. Амбулаторлық-емханалық көмек кезінде тегін дәрі-дәрмекпенқамтамасыз етіледі. Барлық талдаулармен процедуралар тегін жүргізіледі.
Түсінікті тілмен айтсақ, сақтандырылған азаматтарды емханада қабылдап талдау жасап, диагнозын анықтап береді, қажет болса үйінде де, күндізгі
стационарда да емдейді. Қаласа,ауруханаға да жатуына болады. Дәрі-дәрмекті де тегін береді. Өзін-өзі күте алмайтындарға медбикелердің күтіміұсынылады. Оның ішіне ине салу менкөктамырға дәрі жіберу, қанға сараптама жасау, катетер қою, жараны дәкементаңу сияқты қызметтер толық кіреді.Айықпас дертке шалдыққандарға өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік беретінпаллиативті көмек қолжетімді.Сақтандырылған азаматтар дәрігердің қызметіне жүгінгенде, жоғарытехнологиялы медициналық қызметтерді де талап ете алады. Мысалы,ішкі органдардың ауруы кезінде, негинекологиялық, гастроэнтерология, гематология, дерматовенерология,неврология сырқаттары мазаласа немесе күйіп қалса, озық технологиялы қызметтерді сұрай алады. Соныменқатар, бұл тізімге нейрохирургия, онкология, оториноларингология, офтальмология, педиатрия, ревматология,жүрек-қан тамыры хирургиясы, кеудеқуысы хирургиясы, травматология мен ортопедия, органдар мен теріні алмастырып салу, урология, бет-жақ сүйекхирургиясы, эндокринология дерттері де жатады.
Сауықтыру орындары мен курортта емделу қарастырылмаған. Дегенмен, әлеуметтік медициналық сақтандырудың шеңберінде кейбір дерттерді
оңалту шаралары көзделген (мысалы, инсульт, инфаркт алғандар,онкологиялық науқастар, трансплантологияға жүгінгендер).
Не өзгермейді?
Мемлекет тегін медициналық көмектің мынадай түрлеріне кепілдік береді:
1) жедел медициналық жәрдем және санитарлық авиация;
2) әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган тарапынан бекітілген тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттарға шалдыққандарға, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңы бойынша МӘМС жүйесінде медициналық көмек алуға құқығы жоқ тұлғаларға көрсетілетін емханалық-амбулаторлық көмек. Оған мыналар кіреді:алғашқы медициналық-санитарлық көмек;
алғашқы медициналық-санитарлық көмек маманының және салалық дәрігердің жолдамасы бойынша көрсетілетін консультациялық-диагностикалық көмек;
3) стационарлық көмек:
әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган тарапынан бекітілген тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттарға шалдыққандарға көрсетілетін жоспарлы стационарлық көмек – жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу саны шеңберінде бастапқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе өзге медициналық ұйымның жолдамасы бойынша;
шұғыл көрсетілімдер бойынша – жолдаманың бар-жоқтығына қарамастан;
4) алғашқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе өзге медициналық ұйымның жолдамасы бойынша, әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган тарапынан бекітілген тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттар кезінде стационарды алмастыратын көмек;
5) профилактикалық екпелер.
-Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін 2019 жылдың сәуір айында ғана облыста 594 млн. теңге аударылыпты. 2017 жылдан бастап 2019 жылдың 1 мамырына дейін өңірдегі жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлердің Әлеуметтік медициналық қорға өткізген төлемдері мен жарналары 11 млрд. теңгені құрайды. Олардың 95 % жұмыс берушілердің үлесіне тисе, қалған 5 пайызын жеке кәсіпкерлер мен азаматтық құқықтық келісімшарт негізінде жұмыс жасаушылар аударыпты.
-«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры » коммерциялық емес АҚ-ның облыстық филиалы 2019 жылдың басынан бері медициналық ұйымдарға тұрғындарға көрсеткен қызметтері үшін 22 млрд. теңге төледі. Төлемдер тегін кепілдендірілген медициналық қызметтің көлемін қаржыландыру шеңберінде жүргізілді.
-2019 жылы облыс тұрғындарына тегін кепілдендірілген медициналық қызметтің көлемін ұсыну үшін бекітілген келісімшарттардың көлемі 67 млрд.теңгені құрады. Биылғы жылы ТКМҚК қаржыландыру 2018 жылмен салыстырғанда 5 пайызға артқан.
-Биыл тұрғындарға мемлекеттік тапсырыс шеңберінде 128 медициналық ұйым қызмет көрсетеді, олардың 62-і жеке меншік.
-Әлеуметтік сақтандыру қорына түскен барлық қаражат сенімді басқару жөнінде шарт жасасқан Ұлттық банкте сақталады, МӘМС жүйесі шеңберінде көрсетілген қызметтерге төленеді.
Айна Ескенқызы[/left]