Мәдениет

Ертегі кейіпкерлері саябақта жүр

Ертегі оқымайтын немесе сүйіп тыңдамайтын баланы көз алдыңызға елестетіп көрдіңіз бе? Иә… Елестету қиын, әрине. Ал, одан да қиыны мұндай баланы табу!

Ертегі кейіпкерлері саябақта жүрОблыстық балалар және жас-өспірімдер кітапханасы жылжымалы мәдени шаралар ұйымдастыру арқылы қала тұрғындарының мәдени демалыс-тарын үйлестіру мақсатында «Мәдени сенбілікке» шықты.

«Мәдени сенбілік» бағдарламасының аясында 21-сәуір күні қала тұрғындарының демалатын орны «Жастар» саябағында «Бим, Бом, Бамның жаңа оқиғалары» атты балаларға арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Балалар өздерінің жақсы көріп оқитын ертегі кейіпкерлерімен кездесті. Зайчик-Помогайчикпен «Төртінші – артық» ойыны ойналды, Курочка-Ряба қалай «ұшуға» болатындығын, дыбыстарды аулаудың құпиясын ашуға
және зеректікке үйретуге тырысты. Рыжая Плутовка түлкісі көңілді өлең жол-дарын шығаруға, ал Волчок-Серый бочок қасқыры әдемі сурет салуға
балаларды шақырды. Ертегі кейіпкерлерімен бірге шараға қатысушылар қызықты сиқырлы ертегілер әлеміне енді.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button