Облыс әкімі: бағыт-бағдар

Ермек Көшербаев аудан әкімдерін қатаң сынға алды

Әлеуметтік нысандарда жылыту маусымына қажетті көмір қоры жоқ.

ШҚО әкімі Ермек Көшербаевтың төрағалығымен өткен облыс әкімдігінің активінде маңызды әрі өзекті мәселелер талқыға түсті. Жиында жылыту маусымына дайындық, ауызсумен қамту, тұрғын үй құрылысы, денсаулық сақтау, білім беру және интернетпен қамту мәселелері қаралды, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Аймақ басшысы мектептерде, ауруханаларда, мәдениет үйлерінде, өзге де барлық әлеуметтік нысандарда жылыту маусымына қажетті көмір қорының жоқтығын қатаң сынға алды. Бұл туралы қалалар мен аудандардың әкімдері бірінші кезекте ойлануға тиіс болатын.

Жаздың жартысы өтіп кетті, яғни жылыту маусымына әзірленіп, қатты отын дайындау қажет. Өңір басшысы Қаражыра көмір разрезі алдындағы барлық қарыздарды өтеу және бекітілген жеткізу кестесінде үзілістерге жол бермеу қажеттігін де атап көрсетті.

Өңір басшысы мемлекеттік аппараттың кейбір өкілдері өздеріне жіберілетін ақпаратты елемейтініне назар аударды.

– Оларды ескеріп, жауап беру керек, – деп атап өтті облыс әкімі. – Бұл жедел әрекет етуге және шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.

Ермек Көшербаев қалалар мен аудандардың әкімдеріне келіп түскен барлық деректерді мұқият зерделеуді, олардың қызмет саласына қатысты тікелей талдауды және жылдам кері жауап қатуды тапсырды.

Осы айдарда

Back to top button