Цифрлық Қазақстан

Енді сенбі күні де істейді

Ержан Әбіш

24 қыркүйектен бастап Өскемендегі АвтоХҚО-ның жұмыс кестесі өзгерді. Енді олар сенбіде сағат 9-дан 13-ке дейін істейді.

Жұмыс кестесі мамандандырылған ХҚО жүктемесінің ауырлығына байланысты өзгертіліп отыр. Елдегі барлық 20 АвтоХҚО енді сенбі күндері де қызмет көрсететін болады.

– Кезекті «Мобильді ХҚО» қосымшасы, eGov mobile, EgovKzBot2.0 Телеграм-боты, eGov және 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы броньдауға болады, – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы облыстық филиалының баспасөз хатшысы Мөлдір Зәруетқызы.

Ескеретін жайт, АвтоХҚО-лар мемлекеттік қызметтер бойынша өтініштерді сенбі күні 9-дан 13-ке дейін қабылдайды, ал құжаттар 9-дан 15-ке дейін табысталады.

Өскемендегі АвтоХҚО Абай даңғылы, 203/3  мекенжайында орналасқан.

Осы айдарда

Back to top button