Ауыл шаруашылығы

Енді күнбағыс жинау қалды

Егін орағы науқанына білек сыбана кіріскен облыстың диқандары жиын-терінді аяқтап та қалды. Қазіргі күні астықтың дені орылып бітті.

Енді күнбағыс жинау қалдыОблыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары астықтың түсімі былтырғы деңгеймен шамалас болып отырғанын айтады. Гектарынан 10,9 центнерден айналуда. Көкпекті ауданының шаруашылықтары егін орағын аяқтап та қалған.

Егіні жайқалған өңірлеріміз Глубокое мен Шемонайха аудандарында алтын дән гектарынан 14-15 центнерден алынып жатыр. Зырян, Бородулиха аудандарында – 12 центнерден. Биыл бидай 520 мың гектарға егілген.

Аймақта көкөніс, бау-бақша өнімдері түгелдей жиналып бітті. Картоп 24 мың гектар алқапқа егіліп, 337 мың тонна өнім алынған. Алда күнбағыс дақылын жинау жұмыстары күтіп тұр. 360 мың гектарға егілген бұл өнімнің де шығымы жаман емес.

Биыл облыстағы ауыл шаруашылығы құрылымдарының көктемгі, күзгі дала жұмыстарына мемлекеттен 1 млрд. 691 млн. теңге субсидия бөлінген.

Жанаргүл Мұқатай

Осы айдарда

Back to top button