Сайлау-2023

Әлеуметтік желіде заңсыз үгіт жүргізуге болмайды

Мәжіліс сайлауында үгіт-насихат жұмыстарын әлеуметтік желіде заң талаптарын сақтамай жүргізген азаматтарға әкімшілік жаза қолданылады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі хабарлады.

ОСК хабарлағандай, сайлауалды үгіт-насихат материалдарын әлеуметтік желі парақшаларында жариялау үшін парақша иесі БАҚ сияқты 14 ақпанға дейін Орталық сайлау комиссиясына, аймақтық сайлау комиссияларына ақпараттық хабарлама прайсын жіберіп, сайттарына тіркелуі тиіс болатын.

Сонымен қатар егер қолданушы қандай да бір үміткер туралы пост жазса, үміткер сайлаудан шеттетілмейді, посттың авторына әкімшілік жаза қолданылады.

«Автор тек өзінің пікірін жаза алады. Егер материал өз пікірі есебінде жазылса, ол кезде жауапкершілік қарастырылмайды. Ал егер кандидаттың тапсыруымен берілген материал болса, ол кезде жаза қолданылады», деді ОСК баспасөз қызметі.

Сондай-ақ қаржыландыру мәселесі болмауы қажет.

«Мысалы, видеороликтер немесе үгіт жүргізетін материалдарға қаржы бөлінсе, ол кезде де жаза қарастырылады. Кандидантпен келісімшарт бойынша жұмыс істегісі келген адам өз ұсынысын ОСК-ға жіберуі тиіс», деді ведомстводан.

Сайлау алдындағы үгiт жүргiзу құқығы туралы Сайлау туралы заңның 28-бабы, 1-тармағында жазылғанын атап өту керек.

Ерекше жандардың дауыс беруіне жағдай жасалады

Орталық сайлау комиссиясы алдағы Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының сайлауында мүгедектігі бар адамдарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған қаулы қабылдаған.

Жергілікті атқарушы органдар сайлау комиссияларына мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыста жәрдемдесуге міндетті. Комиссия мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқықтарын іске асыру бойынша қажетті іс-шаралар қабылдайды.

Орталық сайлау комиссиясының 2012 жылғы қаулысымен мүгедектігі бар адамдардың дауыс беруі үшін үй-жайларды жабдықтауға белгілі бір талаптар қарастырылған. ОСК-нің 2018 жылғы қаулысы мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз етуге ұсынымдарды бекітті. Мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын іске асыру нормалары көзделген. 2017 жылдан бастап ОСК-нің жанында мүгедектердің сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобы бар. Өткен жылы құрамы кеңейтілді, қосымша өңірлерден мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері енгізілді.

– Жарияланған сайлау науқанында біз жұмыс тобының белсенді көмегіне сенеміз. Мүгедектігі бар адамдарды хабардар ету тәсілдерін айқындау, қажетті әдістемелік материалдар дайындау кезінде жұмыс тобының сараптамалық қорытындысы біз үшін өте маңызды, – дейді ОСК мүшесі Анастасия Щегорцова.

Оның атап өтуінше, Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын кезектен тыс сайлауын сапалы ұйымдастыру мақсатында саяси партиялар мен өзге қоғамдық бірлестіктер мүгедектігі бар азаматтардың саяси-қоғамдық өмірге қатысуын қамтамасыз етуі керек.

DIDAR ақпарат

Осы айдарда

Back to top button