Заң талабы

Электронды білезік тағылды

Өскеменде жазаны өтеу шарттарын жүйелі түрде бұзатын және бірнеше ескертуі бар сотталғандарға электронды білезік тағылды. Бұл туралы Өскемендегі Солжағалау аудандық пробация қызметі бөлімінің басшысы Ерасыл Төлегенов мәлім етті.

Аталмыш құрылғының көмегімен істі болғандардың әр жүріс-тұрысы арнайы жүйе арқылы күндіз-түні қадағаланады. Яғни, Сол жағалау аудандық пробация қызметінің аға инспектор Азамат Сакенов жұмыс орнында отырып жаза тағайындалғандардың іс-әрекетін планшет, ноутбук немесе мобильді телефон арқылы бақылай алады. Егер де жазасын өтеуші шектеу шараларын орындамаса немесе электронды білезікті бүлдірсе арнайы қосымша бірден дабыл береді.
– Бұл электронды білезік сотталғандарды бақылау жасауға, тұрғылықты мекенжайын тастап кетпеуге, қайта қылмыстың алдын алуға септігі мол. Білезік тағылған сотталғандарды пробация инспекторлары арнайы планшеттер арқылы бақылайды, егер сотталған жаза өтеу тәртібін бұзса немесе білезікті өздігінен шешуге тырысса дабыл сигналы тәрізді белгі түседі, – деді Ерасыл Төлегенов.

Осы айдарда

Back to top button