Заң талабы
Елде заңсыз жүргендер шекара асты
Облыста заңсыз жұмыс істеп жүрген шетелдік азаматтар ұсталды.
Көші-қон қызметінің қызметкерлері уәкілетті органның рұқсатынсыз жұмыс істеген Өзбекстан Республикасының төрт азаматын анықтады, деп хабарлайды Didar ақпарат.
ШҚО ПДҚ көші-қон қызметі басқармасының өкілі Ринат Шибаевтың айтуынша, шетелдіктер жеке үй салып жатқан. Олар елде болу мерзімдерін бұзғаны және заңсыз еңбек істегені үшін сот шешімімен Қазақстаннан шығарылды.
Өзбекстан азаматтарына жұмыс беруші тарап та жазасыз қалмаған. Ол әкімшілік кодекстің екі бабы бойынша жауапқа тартылып, 30 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.
Ынтымақ Толқын