Экотуризмді дамытуды қолға алмақ
Семей қаласының басшылығы шаһар сыртынан арнайы жер бөліп, Еуразиялық экономикалық одақ аясында экотуризм саласын дамытуды жолға қоймақ.
Экотуризмнің мүмкіндіктерін зерттеу үшін «Семей орманы» мекемесінің өкілдері әр елдің туристік фирмалары-ның жетекшілерімен кездесті. Кездесу
«Суық бастау» экологиялық маршруты-ның бойында өтті. Ертіс жағасын бойлай он шақырым жүріп өткен туристік фирма өкілдері қарағайлы орманның, қараса көз талатын кең даланың еуро-палық туристердің көңілінен шығатыны-на бек сеніп қайтты.
Алматы қаласынан келген Айжан Сейтқалиқызының айтуынша, бұндай көркем жерлерде шетелдіктер ғана емес, жергілікті халық та уақыт өткізуі керек.
Экотуризмнің ең басты қағидасы – қоршаған ортаны аялау, табиғатты сыйлау. Семейде әлі де болса адам баласының аяғы баспаған керемет жерлер бар. Бұл жерлерден қыста тау шаңғысы базасын жасап, жазда суға шомылатын немесе демалуға қолайлы үңгірлер жасауға болады. Туристік фирма мамандары Семей маңында аталған жағдайдың бәрін жасауға болатынына көздерін жеткізді.
Семей