Ауыл шаруашылығы

Егістікті зиянкестерден қорғап жүр

Егістікті зиянкестерден қорғап жүр

«Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесі Бородулиха аудандық филиалының негізгі қызметі зиянкестердің таралу аумағын анықтау болып табылады. Филиал мамандары аймақтағы фитосанитария жұмысының тиімділігін анықтап, қай зиянкеспен қалай күресу керектігін нақтылап, әдістемелер мен нұсқаулықтарды диқандарға жеткізеді.

Биыл да жылдағыдай осы бағыттарда көптеген жұмыс атқарылып жатыр. Ауылшаруашылық дақылдарының бірнеше түрін егетін және Бородулиха аудандық филиалының тірек базасы саналатын, Ерболат Имадилов басқаратын «Новая Заря» ЖШС жерінде жүргізілген астық сұр көбелегіне қарсы зерттемесі фитосанитария мекемесі мен аграрлық шаруашылықтың қоян-қолтық жұмысының озық үлгісі деп қарауға тұрарлық. Қазір бұл шаруашылықта аталған зиянкеске қарсы қандай шаралар жүргізу керектігіне тәжірибе жасалуда.

Былтыр аудандық филиал 378,9 мың гектардан аса зиянды аймаққа, 12 мың га арамшөпке, 31 мың 290 га карантиндік арамшөпке мониторинг-тік зерттеу жүргізді. Биыл 4000 га жерді саяқ шегірткеден, 5000 га жерді аурулы септариоздан, 5000 га жерге шалғын көбелегінен, 120 га жерді колорада коңызынан, 20 га жерді жатаған у кекіреден қорғауға арналған өңдеу жұмыстарын жүргізу керек.

Филиал мамандары шаруашылық алқаптарын, даланы түрлі кемір-гіштерден, арамшөптерден арашалап, ел қамбасына астықтың толассыз құйылуына өз үлестерін қосып жүр. Герболог Шолпан Тәңірбергенова, энтомолог Үмітжан Алданазарова, фитопатолог Шынар Мустина, зертханашы Карима Кенжебаева және карантиндік нысандарды зерттеуші Ирина Юрченко өз қызметтерін сапалы атқаруда.

Серік Әбілқасымұлы
Бородулиха ауданы

Осы айдарда

Back to top button