Денсаулық сақтау
Дәрігерлер ардагерлерді тегін қабылдайды
Кезінде бейбіт өмір үшін отқа түсіп, ұрпағының қамы үшін адал еңбек еткен ардақты ардагерлерімізге қандай қамқорлық жасасақ та көптік етпейді.
Үстіміздегі жылғы 2–7 мамыр аралығында арда-герлеріміздің денсаулығын сақтау мақсатында өңіріміздің барлық емдеу-алдын алу мекемелерінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оларға теңестірілгендер, тыл ардагерлері үшін ашық есік күндері өтеді. Осы игілікті шара барысында оларды дәрігерлер тегін тексеруден өткізеді.
Сонымен қатар, тұрғылықты жеріндегі отбасылық дәрі-герлік амбулатория дәрігерлерінің жолдамасымен ФГС, УДЗ-ден өтеді және жекелеген маман дәрігерлер тегін қабылдау жүргізеді.
Төсек тартып жатқан ардагерлерді дәрігерлер үйіне келіп, зертханалық, ЭКГ тексеруден де ақысыз өткізеді.
Шығыс-Ақпарат