Абай - 175

“DIDAR”-дың жаңа жобасы: Комикс

Ұлы ақынның 175 жылдығына орай бұрын-соңды жасалмаған тың жобаны қолға алдық. Газетіміздің осы санынан бастап Абайдың қара сөздерін, өлең жолдарын ықшамдап, бүгінгі заманмен байланыстырып, «комикс» жанрында оқырманға ұсынамыз. Комикс дегеніміз белгілі бір әңгіме немесе оқиға туралы мәтінді суреттердің тізімі. Тарихта комикс тек әзіл оқиғаларға негізделгенімен, кейін классикалық әдебиетке де пайдаланыла бастады. Ал біз өз тарапымыздан осы жанр арқылы ақынның шығармаларын насихаттауды мақсат еттік.

Бүгінгі санда оқырманға Абайдың бірінші қара сөзінен алынған мәтінді ұсынып отырмыз.

Ел бағу? Жоқ, елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген кісі бақпаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар бағамын демесе, бізді құдай сақтасын!

 

 

Софылық қылып, дін бағу? Жоқ, ол да болмайды, оған да тыныштық керек. Не көңілде, не көрген күніңде бір тыныштық жоқ, осы елге, осы жерде не қылған софылық?

Балаларды бағу? Жоқ, баға алмаймын. Бағар едім, қалайша бағудың мәнісін де білмеймін, не болсын деп бағам, қай елге қосайын, қай харекетке қосайын? Балаларымның өзіне ілгері өмірінің, білімінің пайдасын тыныштықпенен керерлік орын тапқаным жоқ, қайда бар, не қыл дерімді біле алмай отырмын, не бол деп бағам? Оны да ермек қыла алмадым.

Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ.

Суреттерді салған Мерей Қайнарұлы

Осы айдарда

Back to top button