Диқандар дайын отыр

Аудан негізінен мал шаруашылығымен айналысатындықтан, көктемгі егістік жұмыстарының атқарылар пайыздық үлесі төмен болып келеді. Мәселен, малазықтық дақылдар қазір бар болғаны 59 пайызды құрап отыр.
Жалпы, ауданда барлық егістік көлемі 25100 гектар болса, соның 8850 гектары дәнді, 950 гектары майлы дақылдар. Ал 521 гектар жерді картоп, көкөніс, бақша дақылдары алып жатыр. Сол сияқты, аудан көлемінде 14779 гектар жер малазықтық дақылдар болып келеді. Мұның өзі кейінгі жылдардағы пайыздық көрсеткіштің өскені.
-Бүгінгі күні диқандар көктемгі егістік жұмыстарына толық дайын. Осы 8850 тонна дәнді дақылдарға 1191 тонна тұқым сатып алынды. Мұның 444 тоннасы бірінші класты болса, 747 тоннасы екінші, үшінші класты тұқымдар. Сондай-ақ, аудандағы көктемгі егістікке 390 тонна дизель отыны бөлініп отыр, – дейді аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Әлібек Тоқбаев.
Жалпы алғанда, ауданның ауыл шаруашылығы мамандары көктемгі егістік жұмыстарын межелеген мерзімде аяқтаймыз деп отыр. Бұған ауыл шаруашылығымен айналысып келе жатқан серіктестіктер мен қожалықтардың, жеке шаруалардың әлеуеті толығымен жетеді.
Берікхан Тайжігіт
Аягөз ауданы.