Денсаулық сақтау

Диагностикалық орталық томографқа қол жеткізді

Диагностикалық орталық томографқа қол жеткізді

Семей қаласындағы консультативтік-диагностикалық орталық «Нұр Отан» партиясының қолдауымен компьютерлік томограф сатып алды. Бұл жоба республикалық жоспар аясында партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Бәйбектің 2013 жылғы сапары барысында жүктелген тапсырма негізінде жүзеге асты.
Томограф орнатылған бірнеше айдың ішінде зерттеуден 150 емделуші өтті. Орталық директоры Вячеслав Андреевтің айтуынша, бұл аппараттың дәрігерлерге де, науқастарға да пайдасы көп. Томограф көмегімен мидан бөлек бүйрек, бауыр, көкбауыр, өт сынды өмірлік маңызды мүшелердің, сүйек-буын жүйесінің саулығын сараптауға болады.
– Бұрынғы томограф аппараты 2010 жылы-ақ жарамсыздығын байқатқан. Жаңа құрылғының бағасы 308 миллион теңгені құрады, – дейді орталық директоры.
Бұл томографта зерттеу жүргізу өте қымбат тұрады. Ал томограф қызметі кепілді тегін медициналық көмек аясына енбейді. Соған қарамастан осы жылдың басынан бері емделушілер жеңілдік арқылы тегін қаралуда.
Негізінен қызмет көрсету ақысы облыстық денсаулық басқармасынан төленеді. Жеңілдіктер Семей қаласындағы барлық медициналық бірлестіктерге теңдей бөлініп отырады. Томограф тұрғындарға күнделікті қызмет атқарады. Аталмыш құрылғымен бұрын да жұмыс істеп келген екі дәрігер тағы да қосымша тәжірибеден өтті.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button