Денсаулық сақтау

“Дертке шалдыққандарға көмек”. Әскерилер қан тапсырды

Өскемен гарнизонында әскери техникалық мектептің жеке құрамы ауыр дертке шалдыққан балалар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек ретінде қан тапсырды.

Бұған дейін облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің әскери қызметшілері мен азаматтық персоналдары, 27943 әскери бөлімнің жеке құрамы қалалық қан орталығында ақысыз қан тапсырған болатын. Қан тапсырмас бұрын әрбір донор қан тобын анықтау үшін алдын ала зертханалық тексеруден және дәрігермен әңгімелесуден өтті.

«Өскемен қаласының қан орталығы» мекемесімен әскери техникалық мектебінің ұжымымен келісіп, донор күнін өткізіп жатырмыз. Бәріміз бірауыздан қолдап, әскери патриоттық тәрбие орталығының тәрбиеленушілерімен бірге қан тапсырдық. Шамамен, 40», – деді әскери техникалық мектептің директоры запастағы полковник Жанболат Молдағалиев.

Айта кетейік, медициналық зерттеп-қараудан өткен, созылмалы аурулары жоқ кез келген он сегіз жасқа толған жеке тұлға донор бола алады. Ал ол тапсырылған қан тобы мен резус тиістілігі анықталып, басқа да сырқат түрлеріне тексерілген қан нәтижелерін білуге құқылы.

«Өскемен қаласы қан орталығына қан тапсырдым. Сырқат жандарға қол ұшын беру адамгершілік қасиет. Ол кез-келген адамның қолынан келеді деп ойлаймын», – деді әскери патриоттық тәрбие орталығының тәрбиеленушісі Мирас Жолдыбалин.

– Әскери қызметшілер осындай игі іске үлес қосып, донорлықтың қаншалықты маңызды екенін көрсету керек деп санайды. Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері тегін донорлық іс-шараларға ұдайы қатысып тұрады. Себебі, бұл игі істің нәтижесі адам өмірін аман алып қалуға септігін тигізеді, – дейді Өскемен гарнизонының баспасөз хатшысы.

Осы айдарда

Back to top button