Дербес төлеушілер алдын ала төлем жасай алады
2022 жылдың 5-қыркүйегінен өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындар үшін медициналық сақтандырудың жаңа тәртібі қолданысқа енгізілгені белгілі. Енді сақтандыру жүйесіне 12 айға алдын ала жарна төлеуге болады. Осы орайда «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» облыстық филиалының баспасөз қызметі дербес төлеушілерге бес пайдалы кеңес айтты.
1.Егер 12 айға төлемдер әртүрлі күндерде жасалса, онда сақтандыру мәртебесі бірден емес, барлық төлемдер өңделгеннен кейін ғана беріледі. Төлемдер үш жұмыс күні ішінде өңделеді.
2.Егер 12 айдың бірінде дербес төлеуші ретінде емес, бірыңғай жиынтық төлем /БЖТ/ ретінде жүргізілсе, онда мәртебе берілмейді. Алдын ала төлем жасау арқылы сақтандыру мәртебесі тек дербес төлеушілерге беріледі.
- Егер сіз БЖТ-ны қате төлеген болсаңыз, онда төлемді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына жүгіну арқылы қайтарып ала аласыз.
4.Егер төлем ағымдағы айдың соңында (27-28-ден кейін) жүргізілсе, онда төлемдерді тексеру келесі айда жүргізілуі мүмкін, яғни сақтандыру мәртебесі берілмейді және пациентке келесі жылдың тағы бір айы үшін қосымша ақы төлеу қажет.
5.Егер төлем алдағы 12 айға емес, 11 ай үшін жасалса, онда да мәртебе берілмейді. ️
2023 жылы дербес төлеушілер ай сайын 3500 теңге төлейді. Бұл – айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 5%-ы.
Егер 2022 жылы 2023 жылдың айларымен қоса бір жылға алдын ала 3000 теңге көлемінде төлем жасалып қойса, қосымша ақы төлеудің қажеті жоқ.
Кәмал Естай