Мереке

Демократиялық дамудың кепілі

Құрметті шығысқазақстандықтар! Қадірменді жерлестер!

 30 тамызда біз еліміздің ең маңызды мемлекеттік мерекелерінің бірі – Конституция күнін атап өтеміз. Қазақстанның негізгі заңы – адамның құқықтары мен бостандықтарын сақтаудың кепілі.

Бұл – еліміздегі тұрақтылықтың, бейбітшілік пен келісімнің, мемлекетіміздің демократиялық дамуының берік іргетасы. Нақ осы Конституция қоғамымыздың басты құндылығы ретінде саяси бірлікті, келісім мен тұрақтылықты бекітіп отыр.

Биыл Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі референдум азаматтарымыздың мемлекеттің одан арғы тағдырына бейжай қарамайтынын, халықтың басым бөлігінің белсенді өмірлік ұстанымы бар екенін көрсетті. Біздің алдымызда негізгі заңмен жарияланған құндылықтарды сақтау міндеті тұр. Еліміздің бүгіні мен болашағы біздің ортақ жауапкершілігімізге байланысты.

Осы мереке күні баршаңызға мықты денсаулық, отбасылық амандық және ертеңгі күнге деген сенімділік тілеймін! Конституция күні құтты болсын!

Даниал Ахметов,

Шығыс Қазақстан облысының әкімі

 

Осы айдарда

Back to top button