Денсаулық сақтау

Демократиялық өзгерістерге жол ашылады

 Мемлекет басшысының Қазақстан халқына үндеуін оқып шығып, шынымен риза болғанымды жасыра алмадым. Алда келе жатқан Президент сайлауына қандай әзірліктер жасалып жатқанын түсінеміз, әрине, бірақ сайлаудың осы үндеуде жарияланғандай деңгейде өтетінін естіп, бұл науқанның бұрынғы сайлаулардан өзгеше болатынын жан-тәніммен ұғындым.

Президент сайлаушыларға берілетін артықшылықтар мен еркіндіктерді жіпке тізгендей етіп атап көрсетіп, пікірін халықпен бөлісіп отыр. Мұның өзі еліміздегі демократияның, халық бостандығының қанатын кең жая түскенінің айғағы іспетті.

Қасым-Жомарт Кемелұлы бұдан былай жүзеге асатын демократиялықөзгерістерді ортаға салып, көңілдегі көрікті ойын жалпы жұртқа ашық мәлімдеп отыр. Сонымен бірге ол осыдан кейінгі барлық ауқымды шаралардың халықтан жасырын жағадайда емес, барша жұртқа белгілі, айқын күйде өткізіліп, жүзеге асатынын меңзеп отыр. Мәселен, Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Бұдан былай мемлекет «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беріп отыратын  Үкімет» принципін қатаң ұстанатын болады», – деген сөздері ашықтықтың, жариялылықтың айқын белгісі емес пе?! «Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының келесі құрамы аралас жүйемен – партиялық тізімдер және бір мандатты округтер бойынша сайланатын болады, – дей келе, Президент адам құқы жөніндегі өкілетті институттың конституциялық статус алғанын ортаға салып, өңірлер әкімдерінің бұрынғыдай тағайындалмайтынын, баламалы негізде сайланатынын жеткізіп отыр.

– Конституцияға жер мен оның қойнауының халықтың меншігі екендігі туралы норманы енгіздік, – деді Президент. – Осы ережені жүзеге асыру үшін мен «Ұлттық қор – балаларға!» деген жаңа бағдарлама көтеріп, осы шараға  бастамашы болдым. Бұдан басқа да оң қадамдарға бастайтын игілікті жобалар баршылық. Мен мемлекет басшысы ретінде сайлау науқанының қатаң түрде заңға сәйкес өтетініне кепілдік беремін. Оны біз отандық және шетелдік байқаушылардың қатысумен әділ өткізетін боламыз. Барша азаматтарымызды жауапкершілікті сезініп, демократия, заң және тәртіп қағидаттарын берік ұстануға шақырамын. Еліміздің бірлігі мен тұтастығын көрсете білейік. Біз Әділетті Қазақстанды бірге құрамыз!

Менің ойымша, бұл айтылғандарға алып-қосарлықтай ешнәрсе жоқ. Жұдырықтай жұмылып, ұйымшылдық таныта отырып, Президентіміздің межелеп отырған игілікті қадамдарын ынтамен қолдап отырсақ, алатын асуларымыз қашанда мол болмақ.

Задабек Шапатов, Күршім аудандық ауруханасының хирургия бөлімшесінің меңгерушісі, Денсаулық сақтау саласының үздігі.

Осы айдарда

Back to top button