Денсаулық сақтау

Дәрігерлерге арналған ескерткіш-тақта орнатылды

 

Үржар аудандық орталық ауруханасының қабырғасына науқас адамды қалаға жекізу барысында жол апатынан мерт болған дәрігерлер Бейбіт Төлеуғазыұлы мен Болат Қапсаметұлына арналып ескерткіш-тақта орнатылды.

Бұл күнгі іс-шараға медицина саласында адал қызмет еткен қос боздақтың туған-туыстары, аурухана қызметкерлері, бөлім басшылары және аудан әкімінің орынбасары Біржан Тұрлыбеков қатысты.

– Үржар өңірінің арғы-бергі тарихында елі үшін, туған халқы үшін жанын құрбандыққа шалған азаматтар аз болмаған.  Қос дәрігер де солардың бірі. Медицина саласында тәжірибелі де өз істерінің мамандары Бейбіт Төлеуғазыұлы мен Болат Қапсаметұлының есімдері ел есінде мәңгі сақталады, – деді Біржан Тұрлыбеков.

Берікхан Тайжігіт

Осы айдарда

Back to top button