Денсаулық сақтау

Дәрі-дәрмек бағасы биыл неше пайызға өсті?

Балауса Мэлсқызы

Індет жайлаған уақытта дәрі-дәрмекке қаражатымыздың біраз бөлігін жұмсадық. О, баста медициналық маскалардың бағасының өзі жаға ұстатты. Алайда уақыт өте жағдай тұрақталды. Бұл сөзімізге статистика мәліметтері дәлел. Мәселен биыл медициналық жабдықтардың бағасы, небәрі 5,4 %-ға өскен. Бағаның өсуі республика бойынша, барлық аймақта тіркелген. Тек Жамбыл облысында баға керісінше 0,3%-ға арзандапты. Ал дәрі-дәрмек бағасы ше?
Дәрі-дәрмек бағасы 2,4%-ға қымбаттаған. Жылдық өсім Ақмола (8,2%), Маңғыстау облыстарында (8,1%) және Нұр-Сұлтан қаласында (7%) байқалған. Ал Шығыста баға (0,4%) қымбаттапты.
«Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы» ұсынған мониторинг бойынша, бағасы «Хилак форте 30 мл» бағасы 20,3%-ға, «Аквалор 125мл» 9,8%-ға, «Но-шпа 40 мг» 9%-ға өскен.

Осы айдарда

Back to top button