Біздің дәрігерлерге енді робот-хирургтер көмектеседі
Денсаулық сақтау министрлігі хирург дәрігерлерге ота жасау кезінде көмек беретін роботтарды сатып алмақшы. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің төрағасы Қанат Ермекбаев Алматыда өткен IV Қазақстан хирургтерінің конгресінде мәлімдеді.
Хирургия саласында таптырмас көмекші болған роботтар жайында пресс-конференция қонағы израильдік хирург Александр Беленький баяндап берді.
– Роботтардың көмегімен жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады. Робот дәрігерсіз жұмыс істемейді, біреу робот үшін шешім қабылдауы қажет. Мұндай роботтың бағасы 4 млн. долларды құрайды, – деді Беленький.
Айта кетейік, «Да Винчи» робот-хирургтері бірқатар елдерде кеңінен қолданылып келеді. Робот-хирургтің өзі басқаратын арнайы манипулятормен жабдықталған.