Экология

Құбырлар тазартылып, желілер ауыстырылды

«Дидар» газетінің биылғы №39 нөмірінде «Маңырақ ауызсуға қашан жариды?» атты сын мақала жарық көрген еді.

Құбырлар тазартылып, желілер ауыстырылдыОнда Маңырақ ауылдық округі орталығындағы ауызсу жүйесі нысаны 25-30 жыл бұрын салынғанымен осы уақытқа дейін күрделі жөндеуден өткізілмей келе жатқаны, соның салдарынан сорғы станциясының құбырлары мен шүмектері таттанып, шіри бастағаны, сөйтіп су ысырап болып, тұрғындардың суға зәру болып отырғандығы жайлы жазылған болатын. Мақалада көтерілген мәселе қазір аудан басшылығының назарына алынып, ауылдағы су нысанына жөндеу жүргізілді.

Ақжар мемлекеттік коммуналдық мекемесі «Топаз» ЖШС-мен бірлесе отырып, құм толып кеткен құбырларды тазартып, су желілерін ауыстырған. Су сорғысы бұрынғы тереңдігі деңгейінен бес метрге дейін төмен түсірілген. Мамандар А.Күшікбаев, Ө.Қабиев, Ж.Қазанғапов, Е.Уанбаев, М.Құдайгенов тапсырылған шаруаны тиянақты атқарып шықты.

Алдағы жылы сорғы станциясының жобалық-сметалық құжаттары жасалып, 2014 жылы күрделі жөндеуден өтеді.

Амангелді Жанахметов

Тарбағатай ауданы.

Осы айдарда

Back to top button