Экология
Бір тоннадан астам шөп жеткізілді
Биылғы қыстың қатаң болуына байланысты жабайы жануарлардың санын сақтап қалу мақсатында облыс орманшылары тарапынан қосымша биотехникалық іс-шаралар қолға алынып отыр.
Бұл туралы облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы хабарлайды.
Мысалы, тек қаңтар айында резервтік аймақтарда жабайы жануарларға қосымша 10 жемдік орнатылып, оларға 1 тонна шөп салынды, 1100 келі тұз құйылды. Сонымен қатар, табиғи азық көздеріне жететін жолдар қардан тазартылды.
Аталмыш шаралар облыстық орман және аңшылық комитетінің тапсырмасы бойынша жүзеге асқанын айта кеткен жөн.
Шығыс-Ақпарат