Тарих

Бір соқыр баланың сөзі

Бір соқыр баланың сөзі

Әлихан Бөкейхан тек қоғам қайраткері ғана емес, сан-салалы мамандық пен өнердің иесі де болғаны мәлім. Соның ішінде оны қазақ әдебиетін алғаш рет терең зерттеген ғалымдардың бірі және мұнымен бірге көрнекті әдебиетші, білімді сыншы, шебер аудармашы ретінде білеміз. Осы ретте оқушы қауымның назарына оның өз әңгімесін ұсынып отырмыз. Әңгімені тауып, кирилл үлгісіне түсірген – Нұржан Қуантайұлы.
Редакция.

Есітемін:
Дүниені тойғызып, қарық қылып гүлдеткен, жан-жануарға ойын-күлкі беріп, нұрын төккен күн сұлу… дейді.
Басында қар мен мұздан тәжі, жамылғаны – қарлы, жаңбырлы бұлт, сайынан сарқырап аққан бұлақ, жотасын жайлаған марал-бұғы – тау сұлу… дейді.
Орманнан көлеңкесі, тастан төсегі, үңілген бәйшешектен жағасы, бұлбұлдан ақыны, тауды жарып, толқып зулаған өзен сұлу… дейді.
Күн кеткенде, түн жеткенде: аспанда жылтылдап, жымыңдап, жарқ-жұрқ етіп жанған көп шырақ бар… осы жұмбақ шырақ оттар кестелеген аспан көк сұлу… дейді.
Шеті жоқ, шегі жоқ… тыныш жатса – айна, дауыл соғып толқыса, олай бір, бұлай бір зулаған, жөңкілген заңғар тау толқыны кемелерді жоңқа қылған, қауырсындай қақтырған теңіз сұлу… дейді.
Теңізде ақ желегін жамылып, ерсілі-қарсылы зымырап сызып жүрген кемелер сұлу… дейді.
Күндіз соққан жел басылып, кеш болғанда, көлеңке қашып таудан асып жоқ болғанда, күншығыстан сызылып, жарықты қуып түн шыққанда күнбатыста бұлтты өртеп, өкпедей ғып қызартып, сығалап бұлттың жыртығынан қарап, асылып бұлттан батқан күннің батысы сұлу… дейді.
Таңертең шыбықтай бұралып үйден шыққан, төстен қашқан түлкідей жанып, жүректі лүпілдетіп, көзді ойнатқан қы3 сұлу… дейді.
Бесіктегі талпынған баласын сүйгенде келіншек сұлу… дейді.
Мен сұлу күнді, тауды, өзенді, теңізді, түнді, күннің батысын, қызды, келіншекті көре алмағанды арман қылмаймын!..
Жоқ! Тәңірім, жоқ!.. Бұлардың бәрін де тілемейм!..
Шешемді көрсем-ау!!.. О, дариға-ай!..

Осы айдарда

Back to top button