Қыс қамы

Биыл ШҚО тұрғындарына қанша көмір керек?

Өңір бойынша көмірдің жалпы қажеттілігі – 3 097 мың тонна.

Оның ішінде тұрғындарға 447,5 мың тонна көмір қажет, деп хабарлайды Didar ақпарат.

ШҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметіне сүйенсек, алдағы күз бен қыс айларында өңір бойынша көмірдің жалпы қажеттілігі 3 097 мың тоннаны құрайды. Оның ішінде халық үшін – 447,5 мың тонна, бюджеттік ұйымдар үшін – 40,9 мың тонна.

– Халыққа көмірді алдын ала сатып алуға кеңес береміз. Аудан әкімдіктерінің ақпараты бойынша бүгінде тұрғындар үшін 134,5 мың тонна көмір дайындалды. Облыстық басқармалардың деректеріне сәйкес бюджеттік ұйымдарға 26,2 мың тонна отын жеткізілді, – делінген ақпаратта.

Сонымен қатар, облыс тұйықтарында 6,2 мың тонна көмір бар. Оның ішінде Өскемен қаласында – 3,4 мың тонна, Риддер қаласында – 25 тонна, Алтай ауданында – 1,5 мың тонна, Глубокое ауданында – 450 тонна, Шемонаиха ауданында – 800 тонна.

Ынтымақ Толқын

 

Осы айдарда

Back to top button