Президент тапсырмасы

Биыл 712 пәтер қолданысқа беріледі

Биыл 712 пәтер қолданысқа беріледі
Биыл 517 шығысқазақстандық «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы бойынша жаңа пәтерге қол жеткізе алады
Бүгінде облыста тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде. Ресми дерек көздеріне сүйенсек, өңірде 81 көпқабатты үй салынуда. Оның жалпы аумағы 514,9 мың шаршы метрді құрайды. Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының хабарлауынша, ағымдағы жыл соңына дейін 712 пәтер қолданысқа берілмек. Ал өткен жылы өңірімізде 3638 адам баспанаға қол жеткізген.
Айта кетейік, 2020 жылға дейін облыста 352 көпқабатты тұрғын үй бой көтереді. Осылайша, 20190 шығысқазақстандық қоныс тойын тойламақ.
– «Президенттің бес әлеуметтік бастамасында» жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін өңірімізде бірқатар жұмыс атқарылуда. Мәселен, Өскемен мен Семей қалаларында тұрғын үй құрылыстары қарқынды жүргізілуде, – дейді облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының мамандары.

Ажар Сағатбекова

Осы айдарда

Back to top button