Ауыл шаруашылығы

Бесқарағайлық шаруа мал фермасын автоматтандырды

«Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы арқылы кәсібін дөңгеленткен бесқарағайлық шаруа қожалығы мал фермасын автоматтандыруға мүмкіндік алды.

Бағдарламалар арқылы кәсібін дамытып отырған өңір шаруалары соңғы жылдары өз жобаларын мемлекеттің қолдаумен іске асыруда. Осындай, шаруашылықтың бірі – бесқарағайлық «Саттаров К» қожалығы мемлекеттік бағдарлама аясында 53 млн.теңге қаражат алып, шаруа қожалығына жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу жобасын жүзеге асырды.

Етті ірі қара мал бағып отырған шаруа қожалығы қазіргі уақытта Қазақтың ақбас сиыры тұқымының Республикалық палатасы құрамына енген.

Аудан әкімдігінің хабарлауынша, аталмыш шаруашылық мемлекеттік қолдаудың арқасында мал шаруашылығы базасына электр желілерін тартқан. Осылайша, шаруашылықтың барлық нысандарына электр энергиясы жеткізіліп, жануарларды суару процесі автоматтандырылды. Сондай-ақ, қораларды сумен қамтамасыз ету, түнгі жарықтандыру құрылғылары орнатылды.

Осы айдарда

Back to top button