Денсаулық сақтау

Бес жүзден астам тегін ота жасалады

Бес жүзден астам тегін ота жасаладыАғымдағы жылы облыстық ауруханада жүрекке тегін ота жасату қызметіне бес жүзден астам адам жүгіне алмақ.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Сергей Поповтың айтуынша, 2013 жылы аталған медициналық мекемеде мемлекеттік тапсырыс бойынша аортокоронарлық шунтирлеуге 34, ал стендтеуге 536 квота бөлініп отыр.

Квотаға қол жеткізу үшін адамдар тұрғылықты жеріне сәйкес, дәрігер маманға қаралуы керек. Егер дәрігер қажет деп тапса, облыстың бас кардиологына кезекке тұруға жібереді. Жүрекке жасалатын тегін операциялар республиканың клиникаларында жүзеге асады. Ол жерге адамдар дәрігердің жолдамасымен госпитал бюросының порталы арқылы шығады.

Сондай-ақ, осы жылдың алғашқы тоқсанында күрделі ота жасайтын орталық кардиохирургиялық бөлім Семейде де ашылады деп күтілуде.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button