Денсаулық сақтау

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің № 21 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді

Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 16 тамыздағы № 21 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Мен, Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері М. А. Исмаилов, мына құжаттарды:

«Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 26 маусымдағы № 43 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 14 тамыздағы № 47 қаулысын;

«Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 15 тамыздағы № 48 қаулысын;

«Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 20 тамыздағы № 49 қаулысын;

«Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 28 тамыздағы № 50 қаулысын;

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен Ведомствоаралық комиссия отырысының 2020 жылғы 25 тамыздағы шешімі,

Шығыс Қазақстан облысында коронавирустық инфекция бойынша санитариялық-эпидемиологиялық ахуал туралы жедел мәліметтерді қарап,

COVID-19 науқастарын емдеуге арналған инфекциялық стационарлардың (ТҚҚП) төсек орын қорының қамту пайызының есептік өлшемшарттары негізінде – 20%, КВИ бойынша өлім-жітім көрсеткіші – 2,0%, облыс бойынша репродуктивті R санының мәні – 1,0 төмен болғанын анықтадым.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 38 – бабының 2 – тармағы 3) тармақшасы, 1-тармағының 4) тармақшасы және 102,104 – баптары негізінде,

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

«Шығыс Қазақстан облысы халқының арасында коронавирустық

инфекция ауруының алдын алу жөніндегі қатаң шектеу шараларын кезең-кезеңмен алу жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 16 тамыздағы № 21 қаулысына (бұдан әрі – қаулы) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

  1. Қаулының 5-тармағының 1) тармақшасы алынып тасталсын:

1) облыс аудандары мен қалалары арасында қала маңындағы жолаушылар поездары және қалааралық автобус қатынасының жұмыс істеуіне шектеулер сақталсын.

  1. Қаулының 10-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

Мына объектілердің қызметіне тыйым салу сақталсын:

1) ойын-сауық мекемелері (караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, балалар ойын алаңдары мен жабық ғимараттардағы аттракциондар, батуттар және басқалар), кинотеатрлар, букмекерліктер, фудкорттар, кальян шегу орындары, банкет залдары және барлар;

2) балаларды сауықтыру лагерлері;

3) қалалық қоғамдық жағажайлар, ашық алаңдағы аквапарктер.

  1. Қаулының 13-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
  2. Тиісті дайындық актілерін алғаннан кейін және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим (маска кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау, белгілерді қою) сақталған жағдайда:

1) қоғамдық тамақтану объектілері мен мейрамханалардың қызметіне үй-жайларда отыратын орындар саны 30 адамға дейінгі, ашық ауада ұжымдық іс-шараларсыз жұмыс режимін сағат 23.00-ден 7.00-ге дейін шектей отырып;

2) медициналық орталықтар мен стоматологияға (жазылу бойынша);

3) дәріхана, азық-түлік дүкендері, бөлімдер (шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер), азық-түлік және азық-түлік емес базарлар (ғимараттардан тыс), азық-түлік емес дүкендер мен сауда алаңы 2000 ш. м. дейінгі орталықтар;

4) халыққа байланыссыз қызмет көрсету жөніндегі объектілер (автожуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы жөндеу және басқалар), химтазалау, кір жуу орындары, халыққа өзге де қызметтер;

5) өндіріс, құрылыс, ауыл шаруашылығы салаларына, техниканы, жабдықтарды, қосалқы бөлшектерді сатуға, жөндеуге және басқаларға;

6) бизнес-орталықтары (сақтандыру компаниялары, адвокаттың, нотариустың, бухгалтердің және консалтингтің, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктің, жарнама агенттіктерінің, сот орындаушыларының және т. б. қызметтері), айырбастау пункттеріне, ломбардтарға, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актісіне сәйкес қаржы нарығы субъектілеріне;

7) балалардың түзету кабинеттері, балалар мен ересектерге арналған білім беру орталықтары, балаларды дамыту орталықтары, үйірмелер (5 адамнан аспайтын топтар, алдын ала жазылу бойынша);

8) мектепке дейінгі балалар ұйымдары (15 адамнан аспайтын кезекші топтар);

9) контингенті 5-тен 180 адамға дейінгі, сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейінгі мектептер;

10) мектепалды, 1-4 сыныптардың білім алушылары үшін ата-аналарының өтініші бойынша сыныптардың жиынтығы 15 баладан аспаған жағдайда білім беру ұйымдарындағы кезекші сыныптар;

11) ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған) арнайы, мамандандырылған ұйымдар, арнайы мектеп-интернаттар, жалпы типтегі мектеп-интернаттар, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттар;

12) моншалар (1 келушіге 4 ш. м., толымдылығы 50% – дан аспайтын жағдайда);

13) мәдениет объектілері (30 адамнан аспайтын жеке, топтық репетициялар), кітапханалар, мұражайлар;

14) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері белгілеген өзге де қызмет түрлері рұқсат етілсін.

  1. Төменде аталған объектілердің қызметтері жұмыс күндері (дүйсенбіден жұмаға дейін) рұқсат етілсін, ал демалыс (сенбі жексебі) және мерекелік күндері шектетілсін:

1) азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда, сауда алаңы 2000 ш. м. асатын сауда үйлері, желілері, сауда-ойын-сауық орталықтары;

2) азық-түлік емес және азық-түлік жабық базарлары;

3) сұлулық салондары, шаштараздар, СПА орталықтары, косметологиялық қызмет көрсететін объектілер;

4) фитнес-орталықтар мен спорттық-сауықтыру орталықтары, бассейндер, жаттығу залдары, спорт кешендері;

5) сауналар;

6) ашық ауадағы аттракциондар;

7) діни объектілер.

  1. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
  2. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, халықты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және оның ресми күші жойылғанға дейін қолданылады.

Осы айдарда

Back to top button