Экология

Балама қуат көздеріне басымдық берілмек

Құрылыс материалдарын қоқыстан, биогазды малдың қиынан, электр қуатын жел мен күннен өндіру тәрізді көптеген инновациялық жобалар талқыланатын республикалық III экологиялық форум Өскеменде өтеді.

Балама қуат көздеріне басымдық берілмекОблыс орталығындағы «Алтай» технопаркінде өтетін бұл форум өндірісі өрге басқан маңдайалды кәсіпорындар мен белсенді өнертапқыштардың басын қосып, ең үздік инновациялық серпінді жобаларға басымдық бермек. Онда күн, жел, су энергиясын, сонымен қатар, био және атом қуатын игілікке айналдыратын озық жобалар қамтылады. Бұған қоса энергия пайдалануды төмендетуге көмектесетін технологиялар да назардан тыс қалмақ емес.

Қазірдің өзінде форумға қатысуға 20-дан астам үміткер өтініш білдірген. Олардың қатарында өскемендік кәсіпорындар «Машзавод» ЖШС мен «Өскемен конденсатор зауыты» АҚ, «Eco Energy» ЖШС және басқалары өз жобаларын ұсынады.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button