Денсаулық сақтау

Балалар ауруханасының сметалық құжаттамасы өзгертіледі

Балалар ауруханасының сметалық құжаттамасы өзгертіледі
Аймақ басшысы Даниал АХМЕТОВ облыс орталығындағы денсаулық сақтау мекемелерінің құрылысы бойынша көшпелі кеңес өткізді.
200 орындық балалар ауруханасының жобасы 2013 жылы әзірленген және сметалық құжаттамасының түзетілуін талап етеді. Сәулет-құрылыс бөлігі өзгеріссіз қалады. «Элхон» ЖШС мердігерлік ұйымы жұмысқа кірісіп те кеткен. Бұл үшін 570 миллион теңге бөлінді. Осы жылы компания басшылығы ғимараттың қабырғасын көтеруді жоспарлап отыр, ал келер жылы нысанды пайдалануға бермек. Жоспарды іске асыру үшін үш жарым миллиард теңге қажет. Даниал АХМЕТОВ қаржыландыру бойынша мәселе шешілетінін жеткізді, ең бастысы, жұмыстың қарқын алуы.
Салынып жатқан аурухана қолданыстағы Ана мен бала орталығының жүктемесін азайту үшін және оның ана мен бала денсаулығы саласындағы жұмысының тиімділігін арттыру үшін керек.
– Ағымдағы ауруларға қатысты айтар болсақ, оларды осы ауруханада емдеу қажет. Ал ана мен бала орталығы әлемдік стандарттар деңгейінде емдейтін және ең ауыр науқас балаларға күтім жасайтын бірегей мекемеге айналуы тиіс, – деді Даниал АХМЕТОВ. – Осы үшін биыл 50 дәрігер жарты жылға шетелге оқуға жіберіледі, жоғары технологиялық медициналық құрал-жабдықтардың аудиті жүргізіледі және керектінің бәрі сатылып алынатын болады. Ана мен бала орталығы жоғары білікті көмек көрсетуге, мамандарды тұрақты дайындауға және қайта дайындауға арналған мекемеге және жаңа медициналық білімдер шоғырланатын орталыққа айналуы қажет.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Осы айдарда

Back to top button