Денсаулық сақтау

Балақай бесінші қабаттан құлап кетті

Облыстық ана мен бала орталығының нейрохирургтері бесінші қабаттан құлап кеткен төрт жасар баланың өмірін сақтап қалды. Анықталғандай, бүлдіршіннің іш құрылыстарына, өкпе-бауырына зақым келген.

Нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Талант Арыстанбекұлы компьютерлік томографияның нәтижесіне сүйене отырып, баланың негізгі бас сүйегі сынғанын айтады. Бірақ  мида гематома жоқ екен. Балақайдың қазіргі  жағдайы жақсы.

– Бүлдіршін әке-шешесімен қонаққа келген. Терезедегі шыбын-шіркейден қорғайтын торға сүйенген, қас-қағым сәт! Осындай жаста балалар өте шапшаң. Бұрынғы балақайлар  ауыр телевизордың астындағы жайманы  тартып қалып, астында қалған оқыс  жағдайлар кездесетін. Қазір одан құтылдық. Енді сол терезедегі торлар пәле болды. Екінші, үшінші қабаттан құлай береді, ондай жағдайлар көп. Ал бесінші қабаттан құлаған екінші оқиға. Бірінші жағдайда сәби мүгедек болып қалды. Міне, жаз басталды, ата-аналар абай болыңыздар деп ескерткім келеді. Торлар сенімді бекітілмейді, тіпті сәбидің сүйенгенін де көтере алмайды, – дейді нейрохирург.

 Айна Ескенқызы

Осы айдарда

Back to top button