Балалар жылы

Бағыңды сына балақай!

Бақыттың кілті, күлкі мен шаттықтың дәнекері болған балақайлардың құрметіне Балалар жылы жарияланған болатын. Осы мерейлі жылға орай ел көлемінде өтіп жатқан мәдени іс-шаралардың қатары көп. Өнерлі балақайларды қолдауға арналған іс-шаралардың легі Өскеменде де өтіп жатыр.

Өскеменнің желаяқ балақайларын алда марафон күтіп тұр. Бұл жолғы шара Балалар жылы мен Спорт күніне орай ұйымдастырылып отыр. Өскемен қаласы әкімдігінің хабарлауынша, жалпы білім беретін мектептердің 5-8 сынып оқушылары «Happy children» марафонына қатыса алады. Желаяқ балаларға арналған марафон 19 тамыз күні сағат 9.00-12.00 аралығында өтеді. Қатысушылар интернационалист-жауынгерлерге арналған ескерткіштен шығып, Даңқ мемориалына жетіп мәре сызығын кесіп өтеді. Қатысам деген балақайлар 19 тамыз күні марафон басталатын жерде, яғни жауынгер-интернационалистер ескерткіші маңында тізімделеді.

Спорт – денсаулық кепілі. Денің сау болсын десең, денеңді шынықтыр.

Алтай Ғали-Асқар

 

 

Back to top button