Ауыл шаруашылығы

Бар байлығымызды бағаламай жүрміз

Облысымыздағы ауылшаруашылығы жерлері 9944,1 мың гектарды құрайды. Бұл алқаптар 474 мемлекеттік емес ауылшаруашылығы тауар өндірушілеріне, 150 мемлекеттік ауылшаруашылығы кәсіпорындарына, 16939 шаруа қожалықтарына бекітіліп берілген.

Арнайы Ереже бар

Бар байлығымызды бағаламай жүрмізҚазақстан Үкіметінің 2011 жылғы 4-қарашадағы қаулысымен ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану Ережесі бекітілді. Осы Ережеге сәйкес ауылшаруашылығы мақсатын-дағы жерлердің ұтымды пайдаланылуын анықтау үшін жер телімдерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларында мынадай құжаттардың бар болуы қажет: қаржы-өндірістік қызметі туралы жылдық есеп, № 2-АШ «Астықтың болуы және қозғалысы туралы», № 3-АШ «Майлы дақылдар тұқымдарының болуы және қозғалысы туралы», № 4-АШ «Егін өнімін себу қорытындылары туралы», № 24-АШ «Мал шаруашылығының жай-күйі туралы есеп», № 29-АШ «Ауылшаруашылығы дақылдарының өнімін барлық жерден жинау туралы», №6-р «Шаруа (фермер) қожалықтарындағы жер алқаптарының болуы туралы мәліметтер», жалпы мемлекеттік статистикалық байқаудың есептілік нысандары; ауылшаруашылығы дақылдарын өсірудің технологиялық карталары; танаптар мен ауыспалы егіс-тер тарихының кітаптары, шаруашылық бойынша есеп кітаптары; ауылшаруашылығы малдарын жаюдың жайылым алаңының бірлігіне арналған жіктеме нормативтері, тұқымдардың сорттық, егілу және фитосанитарлық сапасын куәландыратын құжаттар, пестицидтердің (улы химикаттардың) және агрохимикаттардың қолданылуы туралы актілер, шаруашылық ішіндегі жерге орналастыру жобалары, ауылшаруашылығы мақсатындағы жер телімдерінің төлқұжаты. 2012 жылы Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің стратегиялық жоспарына сәйкес республикалық бюджет есебінен жалпы сомасы 39,3 млн. теңгеге облыстың алты ауданында (Бородулиха, Глубокое, Күршім, Ұлан, Үржар, Шемонайха), сондай-ақ Семей қаласына әкімшілік бағынышты жалпы ауданы 3,3 млн. гектар ауылдық аумақтарда ауылшаруашылығы айналымына тартылған ауылшаруашылығы алқаптарын түгендеу жүргізу жоспарланған.

Тиісті заңға сәйкес жер саласындағы заң бұзушылықтар үшін айыппұл және ескерту түріндегі әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Заң бұзушылық тыйылмай отыр

Жер кодексінің 144 – 148 баптарына сәйкес облыс аумағында жерлерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігінің аумақтық жер инспекциясы жүзеге асырады.

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында инспекциямен барлығы жер заңнамасының нормаларын сақтау бойынша 6622,3 гектар көлемде барлығы 112 тексерулер жүргізілді. Тексерулердің қорытындысы бойынша 22 субъектілерге қатысты 22 әкімшілік өндірістік іс қозғалды және жалпы сомасы 1307,34 мың теңге айыппұл салынды, оның 676,32 мың теңгесі мемлекеттік бюджетке өндіріліп алынды.

Инспекция берілген нұсқаулар мен ескертулерге бақылау жүргізеді. Инспекцияға бұрын берілген ескертулерді коммерциялық субъектілердің және ауылшаруашылығы агроқұрылымдарының орындамауына байланысты жалпы ауданы 249,5 га. жер телімдерін мәжбүрлеп алып қою туралы 14 талапарыз берді, 2 талапарыз қанағаттандырылды. Қалған 12 талап-арыз сот органдарының қарауында.

Аудандар мен қалаларда 2012 жылғы 25-мамырға дейін жер телімдерін түгендеуді жүргізу кестелері бекітілді. Облыста 2005 жылдан 2010 жылға дейінгі аралықта жеке тұрғын үй құрылысы үшін 10 595 жер телімдері бөлініп берілді. Түгендеу жұмыстарының нәтижесінде ағымдағы жылдың 14-сәуіріндегі жағдай бойынша пайдаланылмайтын немесе бұзушылықпен пайдаланылатын 5821 жер телімі зерттелді.

Владимир Соловьев,
Жер ресурстарын басқару агенттігі
Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық жер инспекциясының бастығы

Осы айдарда

Back to top button