Ауыл шаруашылығы

Азықтық дақылдарды молайтпақ

Топырақ қыза бастаған соң көктемгі егіс жұмыстары да қарқын алып келеді. Күн райының қабағын бағып, қолайлы сәтті құр жібермейтін зайсандық диқандар да қыстай дайындалған қауырт науқанға қызу кірісіп кеткен болатын.

Азықтық дақылдарды молайтпақҰлу жылында мол өнім алудан үмітті олар биыл нарықтың ерекшелігін ескере отырып, сұранысқа ие болып отырған картоп алқабын өткен жылғыдан анағұрлым арттырып, оның аумағын 1500 гектарға жеткізуді межелеп отыр. Сонымен бірге баубақшада жеміс, көкөніс өсіру де ұмыт қалмақ емес.

Ал ел ризығын арттырар астықтың жөні бір басқа. Биыл зайсандықтар оның алқабын 5200 гектарға дейін жеткізбек. Оның ішінде аудандағы жаңадан іске қосылған ұн зауытын қамтамасыз ету үшін бидайдың алатын орны бөлек болмақ. Сонымен бірге мал азығы дақылдары, әсіресе, сұлы егуге құлшынып отырғандар жетерлік. Себебі, пайдасы мол мал шаруашылығын дамыту үшін оның жемшөп қоры мол болғаны жөн. Осы мақсатта биыл ауданға Қарағанды облысынан 22 тонна элиталық тұқым әкелінген болатын.

Топырақта ылғалдың мол кезінде егіс жұмыстарын еңсеріп тастауды мақсат еткен механизаторлар мамырдың басына дейін барлық егіс алқабының 40 пайызға дейінгі аумағының жерін жыртып, өңдеп үлгерді.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button