Ауыл шаруашылығы
Азық-түлік арзан бағамен сатылады
Ауа райының қолайсыздығына байланысты жоспарланған ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері стационарлы дүкендер мен арнайы сауда нүктелері арқылы іске асырылатын болды.
Бұл туралы Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Оксана Желякова хабарлап отыр. Оның айтуынша, күн райының күрт өзгеруі себебінен аудандар мерекелік жәрмеңкеге келе алмай отыр. Бірақ мәселе шешімін тапты. Тұрғындар мереке қарсаңында оңтайлы бағаға арнайы сауда нүктелерінен азық-түлік сатып алады.
Осыған орай Өскемен қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі тұрақтандыру қорының өнімдерін сату бойынша «ДосНар», «Заречный», «Дина» базарларымен қосымша келісімшарт жасасты. Қазірдің өзінде Өскемендегі ең ірі 4 базар бакалея және көкөніс өнімдерін әлеуметтік бағалар арқылы сатып жатыр.
Шығыс-Ақпарат