Құқық

Қазақстандықты АҚШ-та атып кетті

Американың Шарлотт қаласындағы тұрғын үй кешендерінің біріндегі автотұрақта 15 жасар Қазақстанның тумасы Роман Кичигинді атып кеткен. “Charlotteobserver” ақпаратына сәйкес, жасөспірім тонаудың құрбаны болған. Ол тірі болғанда бір айдан соң он алтыға толар еді.
Роман Кичигин BMW маркалы автокөліктерді сатып алып, жөндеп, оларды қайтадан жоғары бағаға сатумен айналысқан. Қайғылы оқиға орын алған күні ол төртінші көлігін сатуды жоспарлаған. Өкінішке орай, көлікті сату ісі қарулы тонауға айналып, бозбала атыс қаруынан жарақат алған. Оның қасында анасы болған. Өкінішке орай Роман ауруханада көз жұмған.
Полиция кісі өліміне қатысты күдіктіні ұстап та үлгерді. Қамауға алынған 18 жастағы жігіт адам өлтірумен қатар суық қаруды қолдана отырып, тонауға барғаны үшін де айыпталуда.
Жергілікті тұрғындар Романды ақтық сапарға лайықты шығарып салу үшін 41 мың доллардан аса қаражат жинаған.

Дәурен Аллабергенұлы

Осы айдарда

Back to top button