Ауыл шаруашылығы

Айыртауда құс фабрикасы салынады

Ұлан ауданы, Айыртау ауылында елдің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту бағытында жоспарланған жобаларды жүзеге асыру іс-шаралары кеңінен қарастырылып жатыр.

Айыртауда құс фабрикасы салынадыАуылда жобалық құны екі миллиард теңгені құрайтын, жылына 110 мың дана жұмыртқа өндіретін құс фабрикасын салу жоспарлануда. Бұл шаруамен «Шығыс Би-Нұр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымы айналысып жатыр. Жоба жүзеге асқан жағдайда 190 жұмыс орны ашылады. Бұл ауылдағы «Комсомол» құс фабрикасы өтпелі кезеңде дағдарысқа ұшырап, жабылып қалған болатын. Қазір «Шығыс Би-Нұр» ЖШС құс фабрикасының жұмысын қайта жандандырмақ.

Сонымен қатар жеке кәсіпкер И.Режебәлиев бір мың ірі қара малды бордақылайтын алаң салуды жоспарлап отыр. Ол үш миллион теңгеге мал шаруашылығы кешенін сатып алған болатын. Бордақылау алаңы іске қосылғанда 20 адам жұмыспен қамтылады. Жеке кәсіпкер М.Хамидов бос жатқан 61 гектар жерді иеленіп, көкөніс өсіріп, ауыл, қала тұрғындарын өз өнімдерімен қамтамасыз етіп келеді.

Әлімжан Қадылбекұлы

Осы айдарда

Back to top button